Қызды көзінен атқан блогерге қатысты іс сотқа жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Процессуалдық прокурор жасөспірімнің көзіне оқ атқан Гаджиевке қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті және іс кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді, деп хабарлады Alau.kz Қостанай облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Тергеу нұсқасы бойынша айыпталушы жәбірленушіге сол көзінің алмасын тесіп өткен жара түрінде дене жарақатын келтірді. Салдарынан қыздың көзі көрмей қалды. Бұл денсаулыққа ауыр зиян келтіру ретінде жіктеледі.

Еске салсақ, 2016 жылы 5 шілдеде Гаджиев Алтынсарин көшесінде салынып жатқан екі қабатты ғимаратта пневматикалық тапаншадан 13 жастағы қыздың көзіне оқ атқан. Артынша оқиға орнынан бой тасалап, оған іздеу жарияланған.

Осы жылғы ақпанда ол Челябинскіде ұсталды. 11 маусымда Қазақстанға жеткізілді. Қазір ол абақтыда жатыр. Соталды тергеуде анықталғандай, Гаджиев жәбірленушінің жасын білген. Ол сот алдында жасөспірімге қатысты денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауап береді.

Соңғы жаңалықтар