10:03, 08 Сәуір 2023 | GMT +5
Қызғалдақтар Түркістан топырағын түрлі-түсті «текеметке» айналдырды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қызғалдақтар Түркістан топырағын түрлі түсті «текеметке» айналдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан облысының кей аймақтарында өскен қызғалдақтардан жерлер қызыл кілемдей кейіпке еніп жатыр. Әсіресе, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің Ордасбасы ауданына қарасты бөлігінде жайқалып өскен қызғалдақтар көз қызықтырады. Ал, алдағы бірер аптада Түлкібас ауданына қарасты Шұбайқызыл шоқысында да қызғалдақтар гүлдеп, аумаққа әсем көрініс сыйлайды.


