Қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерінің анасына пәтер берілді

ОРАЛ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Милиция сержанты Ибат Мұмбаев бұдан он жеті жыл бұрын Орал қаласында қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан еді.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, таяуда Оралда 216 пәтерлік әлеуметтік тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Міне, осының ішінде департамент басшылығының облыс, қала әкімдеріне қозғау салуының арқасында бір бөлмелі пәтерге И.Момбаевтың анасы Ақұштап кірді.

Соңғы жаңалықтар