Қызмет көрсету сапасы мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудағы басты өлшемнің бірі болады
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет сапасы мемелкеттік органдардың жұмысын бағалаудағы басты өлшемнің бірі болады.
Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет саласын дамыту» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің Сараптама және стратегиялық жұмыстар орталығының меңгерушісі Эльдар Сыздықов осылай мәлім етті.
«Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты бағыттардың бірі. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Президент Әкімшілігі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалайтын болады. Жалпы біз мемлекеттік органдар қызметін 6 өлшем бойынша бағаласақ, ондағы мемелкеттік қызмет көрсету сапасы басты өлшемдердің бірі болып табылады», - деді Э.Сыздықов.
Жиын барысында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңа қадамдар, бағалау тетіктері мен оныі сапасын қадағалау, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың қатысуы секілді мәселелер талқыланды.