Қызмет өкілеттігін асыра пайдаланған елорданың Тұрғын үй департаментінің бұрынғы басшысы С.Ногайға айыппұл салынды

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астана қаласы Тұрғын үй департаментінің бұрынғы басшысы Святослав Ногайға қатысты сот қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 200 есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Қызмет өкілеттігін асыра пайдаланған елорданың Тұрғын үй департаментінің бұрынғы басшысы С.Ногайға айыппұл салынды

Бұл туралы бүгін Астана қалалық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Ерлан Рахымбеков айтты.

Оның мәліметтері бойынша, «Пәтер бюросы» акционерлік қоғамының Бас директоры Омаров 9 айға бас бостандығынан айырылды. Ал осы компания басшысының қаржы жөніндегі орынбасары Калашников 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ

«Т-АДК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшілері Баймакин мен Кимнің мүліктері тәркіленіп, әрқайсысы 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды.