Қызметіне інісін жұмсап келген полицейдің қулығы әшкереленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде полицей бір жыл бойы қызметін атқаруға өзінің інісін жіберіп отырған, деп хабарлайды lifenews.ru.

Қызметіне інісін жұмсап келген полицейдің қулығы әшкереленді

Нақтырақ айтқанда, «Сколково» инновациялық орталығында РФ ІІМ «Күзет» ФМУК қызметкері өзінің орнына жұмысқа інісін жібергені анықталды.

Ағайынды Спиваковтардың бұл айласын кенеттен қызметкерімен жеке әңгімелеспек болған күзет басшысы әшкереледі. Ол өткен жолғы кездесуді есіне салғанда қатардағы полицей оның бірінде түсінбеген. Бірден сезіктенген басшысы оны қыспаққа алып, мойындатты. Олег Спиваков ағасы Ярославтың орнына жұмыс істеп жатқанын айтып берген.

Ағайындылар бұл айласын 1 жыл бойы іске асырып келген. Айта кетерлігі әріптестері олардың бұл әрекетін тіпті байқамаған.

Ярослав Спиваковқа қатысты қызметтік тексеріс басталды, ал оның інісі режімді нысанға кіргені үшін әкімшілік жауапқа тартылады.