Қызметкеріне өзін арқалатқан шенеунік жұмыстан қуылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Гуйси провинциясының шенеунігі қызметкерінің арқасына мінген суреті жұртшылыққа таралып кеткеннен кейін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Шенеунік су тасқыны кезінде хабар-ошарсыз кеткен балаларды іздеумен айналысатын топқа енгізілгені атап өтіледі. Агенттіктің айтуынша, су басқан аймақтан өту үшін ол өзінен лауазымы төмен топ мүшесінің арқасына мінген.
Мұндай оқиға бір жыл бұрын көршілес Чжэцзян провинциясында да орын алған. Онда шенеунік су тасқыны кезінде бағынышты қызметкерге өзін арқалатқаны үшін жұмыстан босатылған.