Қызметкеріне тіл тигізген бас директордың орынбасарына айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицияға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкері басшысының тіл тигізгенін айтып, шағым түсірген. Ереже бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қызметкеріне тіл тигізген бас директордың орынбасарына айыппұл салынды

Іс материалдары бойынша, бас директордың орынбасары жұмысшылардың бірінің құжатына қол қоюдан бас тартқан. Оның себебін қолтаңба қою мерзімінің аяқталғанымен түсіндірген. Сол себепті жанжал шығарып, қоластындағы қызметкерін балағаттаған.

Соттың үкімімен бас директордың орынбасары 5 АЕК немесе 12 025 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.