Қызметкерлерінен ақша алып отырған полиция бастығы үйқамаққа алынды - Қостанай
«2018 жылғы 23 желтоқсанда Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюросының аға тергеушісі Ш.Б.Шонтасовтың өтінішін қанағаттандырды. Қостанай облысы прокурорының орынбасары М.Е.Сматовтың келісімімен, Жітіқара аудандық полиция бөлімінің бастығы және осы бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығын екі ай мерзімге үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Еске салсақ, 2018 жылдың 21 желтоқсанында Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жітіқара қалалық және Жітіқара аудандық полиция бөлімінің бастығын және осы бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығын 1,5 млн теңге сомасында пара алу барысында ұсталды. Күдіктілер бағынышты қызметкерлеріне бұрын үстемақы ретінде төленген ақшасына заңсыз алым-салық салып отырған.