Қызметтесін өлтірген сарбаз бас бостандығынан айырылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы №44841 әскери бөлімінің 20 жастағы сарбазы  қызметтесін соққыға жығып өлтіргені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қызметтесін өлтірген сарбаз бас бостандығынан айырылды

«ҚР ҚК 440 бабының 4 бөлігі «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу» бойынша Байзақ Береке Бақытжанұлы кінәлі деп танылып, оған төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын». Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьясы  Айдар Исабеков осындай үкім оқыды.

Сотталушы өзіне тағайындалған жазаны қауіптілігі орташа колонияда өтейтін болады.

Тергеу деректеріне сүйенсек, 2017 жылдың 21 қыркүйегінде сарбаздар арасында жанжал туындаған. Олар әскери бөлім аумағындағы аяқ киім тазалау бөлмесінде төбелесіп, салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысынан шақырылған сарбаз Жексембай Е.Н ауруханада көз жұмды.