Қызметтік иттердің өлтірілетіні туралы ақпарат - жалған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WhatsApp мессенджерінде желі қолданушылары әскери бөлімнің жабылуына байланысты 20 қызметтік иттің өлтірілгені туралы хабарлама таратып жатыр.
Сондай-ақ итті асырап алатын адам болса алуына болады, деп ақпарат –жалған, деп хабарлайды stopfake.kz.
Жақын арада өлтірілетін иттер туралы ақпарат Ресейде кемінде 2013 жылы, ал кейбір мәліметтер бойынша, оған дейін тараған.
Алайда, өлтірілетін қызметтік иттердің шын бар екендігіне ешқандай дәлел болған жоқ. Оның үстіне, хабарламада фейктің басты белгілерінің бірі бар – онда сипатталған оқиғалар болған мерзім де, орын да көрсетілмеген.
2016 жылы иттер оқиғасы Қазнет пайдаланушылары арасында кеңінен тарады. Ол кезде оны ҚР ІІМ жоққа шығарды.

«Сол кезден бері хабарламадағы телефондар да, есімдер де өзгермеген. Қала коды мен ұялы байланыс операторлары ғана ауысады. Бұл хабарламада алаяқтық белгілері байқалмайды. Әлеуметтік желілерде осындай ақпараттың таралуына байланысты сенімді дереккөздерге жүгіну қажеттігін еске саламыз. Сондай-ақ, күмәнді дереккөздерден алынған ақпаратты өз таныстарыңызға одан әрі таратпаңыз», – деп мәлімдеді ведомстводан.