Қызтекелерді елге кіргізбеу туралы шешім шығарылды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Кувейт пен Парсы шығанағындағы бірқатар араб мемлекеттері ел аумағына өткісі келетін шетелдік қызтекелерді әуежайларда анықтап, келген жақтарына қайтаруға мүмкіндік беретін жүйені іске қоспақ. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.
None
None

Ел үкіметінің өкілі Юсуф Миндкардың мәлімдеуінше, бұдан былай Кувейт аумағына гомосексуальды жандардың енуіне жол жоқ. Қызтекелердің жолын кесетін жүйені енгізуді көздеп отырған Кувейт, Сауд Арабиясы, Оман және Біріккен Араб Әмірліктерінің бұл бастамасына Катар мен Бахрейннің қосылатыны немесе қосылмайтыны жөнінде хабар жоқ.

Қазіргі уақытта медицина мекемелері ел аумағына енгісі келетін шетелдіктердің денсаулығына тексеру жүргізіп жатыр. Алайда, олар қандай жолмен қызтекелерді анықтайтындарын, қандай құрал-жабдықтарды пайдаланатынын Кувейт шенеунігі айтқан жоқ.

Кувейт заңы бойынша, бұл елде бір жыныстылардың қарым-қатынасына тыйым салынған. Әшкере болғандары абақтағы жамылып, айыппұл төлейді. Мұндай заң Парсы шығанағы елдерінің көбісінде кездеседі. Мәселен, Сауд Арабиясында төсек қатынасына барған бір жыныстылар өлім жазасына кесіледі.

Соңғы жаңалықтар