Қызы тастап кеткен жігіт 30 млн. доллар ұтып алды
Мұндай қуанышты жайттың алдында оны қалыңдығы тастап кеткен екен. Алайда, жаңа миллионер енді мұңаймайды. Өйткені ол үшін жаңа өмір басталды. Бұл туралы BAQ.KZ порталы жазады.
«Иә, қалыңдығым менен бас тартып, ары қарай араласпайтындығын айтты. Бірақ бұл жайт мені қазір мүлдем алаңдатпайды - деді Сингх журналситермен болған баспасөз мәжілісінде. - Алғашында жүрегім қатты жараланды. Ал қазір ол жайында мүлдем ойлап жатқаным жоқ, мен одан енді бір сатыға жоғарымын» деді миллионер.
Сингх сондай-ақ, өзінің 14 жастан бастап екі бірдей жұмысты қатар істегенін мәлімдеді. Анасы мен қарындасын асырау үшін және марқұм әкесінің артынан қалған қарыздардан құтылу үшін бозбала ауыр жұмысқа жегілген. Енді ұтып алған ақшасына ол отбасының жағдайын жақсартып, қалғанын қайырымдылыққа жұмсайтындығын айтты.
Жеткіншек алғашқы лотореядан небәрі 4 доллар ғана ұтқан екен. Кейін бұл ақшаға тағы төрт билет алып, қайта бағын сынап көрген. Нәтижесінде ол Mega Millions лотореясының жеңімпазы атанып, 30,5 млн. долларды еншіледі. Бірақ, бұл қаржы түгелдей Сингхтың қалтасына түспейтіні белгілі. Тиісті салықтарды төлеп болған соң оған 16,1 миллион АҚШ доллары табыс етілмек.