Қызыл алаңда Жеңіс парады басталды

Парадтың салтанатты рәсімі мәскеулік уақыт бойынша сағат 10:00-де басталды. Әскеру шеруге шамамен 14 мың адам және 100 бірліктен астам әскери техника қатысуда. Салтанатты рәсім «Қасиетті соғыс» әнімен Мемлекеттік Ту және Жеңіс туын алып шығумен басталды.
Жеңіс парадын РФ Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Анатолий Сердюков қабылдауда, әскери шеруді РФ Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-полковник Валерий Герасимов басқаруда.
Парадқа Ұлы Отан соғысының 1,5 мың ардагері шақырылған. Сондай-ақ шараға Жоғарғы Бас Қолбасшы, РФ Президенті Владимир Путин мен РФ Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев қатысуда.
Биылғы парадтың өткен жылғыдан басты айырмашылығы механикаландырылған тізбек құрамындағы әскери қызметкерлерден басқа оның барлық қатысушыларының киімнің парадтық үлгісін кигенінде.
Сондай-ақ Жеңіс күнінің парады 24 ресейлік қалада өтуде. Ресей астанасында мерекелік шаралар аяқталған соң сағат 22:00-де 30 дүркін мерекелік салют беріледі.