Қызыл ай қоғамының Қазақстандағы өкілдігі қоғамдық тыңдаулар өткізеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, қоғамдық тыңдаулар «Қазақстан халқының осал топтағы санын азайтуда ҚР-дағы Қызыл ай қоғамының рөлі» тақырыбында Астанадағы «Дипломат» қонақ үйінде өтеді. Оған Қызыл ай халықаралық комитетінің аймақтардағы өкілдіктерінің, Қызыл ай және Орталық Азия бойынша Қызыл ай халықаралық қауымдастығының басшылары қатысады.
Оның жұмысына, сондай-ақ ҚР Парламенті палаталарының депутаттары, министрліктер, дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар мен ұлттық компаниялар шақырылып отыр.
Қазақстан Республикасындағы Қызыл ай қоғамы - көмекке мұқтаж халыққа қызмет көрсетуге бағытталған көптеген бағдарламаларды жүзеге асырып отырған - ерікті қоғамдық бірлестік. Төтенше жағдайларға дайындық және оларға жедел әрекет ету, халық денсаулығын қорғау, гуманитарлық құндылықтарды, оның ішінде халықаралық гуманитарлық құқықтарды насихаттау және жастарды адамгершілік пен қайырымдылыққа тәрбиелеу - Бірлестік жұмыстарының басымдықты бағыттарының бірі.