«Қызыл» аймақта бір мегаполис пен екі облыс тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта бір мегаполис пен екі облыс тұр

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Қазақстан Республикасы «сары» аймақта.