«Қызыл» аймақтағы Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 10 қаңтарда қауіпті вирустың белгісі 243 адамнан табылған.

«Коронавирус инфекциясын жұқтыру Атырау қаласында өршіп тұр. Мұнайлы қалада Covid-19 инфекциясының 193 жағдайы расталды. Ал, Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды. Қызылқоға ауданында – 10, Құрманғазы ауданында 10 адам індетке шалдықты. Қауіпті вирустың симптомды белгісі 140 науқаста бар», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Кеше коронавирус инфекциясынан 14 адам емделіп шыққан. Қазір 341 адам үй жағдайында емделу үшін оқшауланған. Ал, модульдік ауруханада – 170, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 176, аудандардағы стационарларда 17 пациент ем-дом қабылдап жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру қайта өршігенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар