«Қызыл» аймақтағы Шымкентте демалыс күні базар жұмыс істеп тұрған
Еліміздегі коронавирусқа байланысты Шымкент қаласы полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға, ойынхана клубтарына тексеру жүргізді.
23 сәуір күні сағат 16:27 кезінде Шымкент қаласы Жібек жолы көшесі 39/4 үйде орналасқан «Көктем» базарына мониторинг жүргізілді.
Оның барысында карантинді сақтамай дүкен қызметкерінің келушілерді қабылдап, жұмыс жасап жатқаны және қызметкерлері бір реттік бетпердені мүлдем тақпағаны анықталды.
Келушілердің дене қызуын өлшейтін құрал, диз-кілемше және антисептик болмаған.
Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданып, түсініктеме алынды.
Осыған орай, полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс-әрекетіне түсіністікпен қарауды және карантин кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.