Қызыл кітапқа енген Қаратау арқарын атқан браконьер қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызыл кітапқа енген Қаратау арқарын аулаған браконьер ұсталды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«2019 жылғы 26 қаңтарда Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары қорыққа қарасты Құрсай сайында Кентау қаласының тұрғынын (Ө.Б. 1981 ж.т.) ҚР Қызыл кітабына енген Қаратау арқарын заңсыз атқаны үшін ұстады», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасына.

Оның айтуынша, оқиға орнынан сойылған ұрғашы Қаратау арқарының еті мен терісі, одан бөлек, құжаты жоқ мылтық пен екі дана оқ табылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген шығынның сомасы 17 043 750 теңгені құрайды.

Жазбада көрсетілгендей, Қызыл кітапқа енген Қаратау арқарына келтірілген шығынның көлемі 500 АЕК құрайды. Заң бұзушылық ерекше қорғалатын табиғи аумақта орын алса, шығын үш еселенеді.

Соңғы жаңалықтар