Қызыл Крест ұйымы Астанада қазіргі кездегі әлеуетті гуманитарлық мәселелерді талқылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынға Халықаралық Қызыл Крест ұйымының Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігінің басшысы Ив Джованнони және өкілдіктің бөлім басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Ив Джованнони қаруланған күш көрсету жағдайында қалған халықтар мен мемлекеттерде гуманитарлық көмек көрсетудің қазіргі жай-күйіне және Қызыл Крест ұйымының оларды қолдауға арналған бүгінгі жобаларына тоқталды. «Әлемде әртүрлі шиеленісті жағдайлар бар болғандықтан, Әлем халықтары алдында гуманитарлық шақырулар тұр», дейді ол.
Дөңгелек үстел отырысы барысында адамзат алдында тұрған гуманитарлық міндеттер мен халықаралық ахуал, ұлттық заңнамаға гуманитарлық нормаларды енгізу мен оларды қолдану жөніндегі тақырыптар қамтылды. Сонымен қатар заң және тәртіпті сақтау мен гуманитарлық нормаларды қолдану аясында өзара пікір алмасылды.