«Қызыл» мәртебесі бар айыппұл салынған ақмолалықтардың тізімі жарияланды

Оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425 бабы 1-ші бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, COVID-19 оң ПТР тесті бар адамдар қоғамдық орындарға барып, ASHYQ жобасымен жұмыс істейтін нысандардағы қызметтерді пайдалануға тырысқан.
«Ақмола облысында үйде оқшаулау режимін бұзғаны үшін облыстың «қызыл» мәртебесі бар тағы 36 тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды. Оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425 бабы 1-ші бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Аталған бап бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 87 510 теңге айыппұл қарастырылған. Жалпы, үй карантинін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 91 әкімшілік жаза (айыппұл) қолданылды», - деді ведомстводан.
Осы ретте, Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.
14 күндік үй карантинін бұзған тұрғындардың тізімі Департаменттің сайтында жарияланған.