Қызыл шарапқа әуес болмаңыз, семіртеді

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Кешкілік ас алдында қызыл шарап ішу көптеген әлем елдерінде қалыпты үрдіске айналған.
None
None

Мұның пайдасымен қатар, зияны да көп екенін ресейлік ғалымдар дәлелдеп отыр. Ғы­лыми-зерттеу институты маман­дарының айтуынша, алкогольді ішімдіктер адамды есінен адас­тырады, тіпті екі бокал қызыл ша­раптың өзі адамның өзін-өзі ба­қылауына кедергі келтіреді. Соның салдарынан адам әдеттегі тамақ­тану нормасын бақылай алмай, кало­риясы жоғары тағамдарды тым көп мөлшерде пайдаланады екен. Сарапшылардың зерттеу жұ­мыстарына мыңнан аса адам қа­тысқан, нәтижесінде ішімдіктен кейін арқау болған астың майлы­лығы әдеттегіден 9%-ға артық екені белгілі болды.

Айта кетейік, қазіргі таңда бүкіл әлем оқымыстылары арасында қызыл шарапқа қатысты қызу та­лас-тартыс жүріп жатыр. Бірі ішім­діктің бұл түрі денсаулыққа пай­далы десе, енді бірі қызыл ша­раптың қандай түрі болмасын, адам ағ­засына зиянды деген мәлім­демелерін дәлелдеп әлек, деп жазады "Алаш айнасы" Мeddaily.ru интернет порта­лына сілтеме жасап.

Соңғы жаңалықтар