Қызыл теңізде кеме апатқа ұшырап, 200-ге жуық адам опат болды
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Африкадан Саудия Арабстанына жетпек болған 200-ге жуық мигрант Қызыл теңізде кеме апатының салдарынан қаза болды,
деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.
«Судан медиа-орталығы» агенттігінің ақпараты бойынша, тек үш жолаушы ғана аман қалған.
Алдын-ала ақпарат бойынша, қайғылы оқиғаға кеме бортынан шыққан өрт себеп болған. Кеме - заңсыз мигранттарды тасымалдаумен айналысқан Йеменнің төрт азаматынікі болған. Олар Порт-Судан штатында қамауға алынды.
ВВС тілшісінің хабарлауынша, жыл сайын Қызыл теңіз арқылы Африкадан Саудия мен Йеменге мыңдаған заңсыз мигрант тасымалданады екен.
Маусым айында Тунис жағалауында Ливиядағы азаматтық соғыстан қашқан 8-ден астам босқын мінген паром аударылып, 150 адам қаза болған еді.