03:22, 21 Наурыз 2014 | GMT +5
Қызыл түс қандай адамдарға жақын?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашу кезінде адамдар көк түске қарағанда қызыл түсті көбірек таңдайтын көрінеді. Бұндай қорытындыға мамандар арнайы тәжірибе жүргізу барысында келді.
Зерттеуші мамандардың айтуына қарағанда, қызыл түс қауіп-қатермен тығыз байланысты болып келеді, сондықтан да агрессияға бейім адамдар осы түсті таңдайды.
Ғалымдар сонымен қатар қызыл мен көк түстерден тұратын суреттердің адамдарға әсерін анықтап көрді. Анықталғандай, қызыл түсті таңдаған адамдардың көпшілігі қызба мінезді болып келіп, ашушаңдыққа жиі бой алдырады екен, деп жазады utro.ru.