Қызыл Жарты ай қоғамы елордалық мектеп оқушыларын алғашқы медициналық көмек дағдыларына үйретпек

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Қызыл Жарты ай қоғамының Астана қалалық комитет-филиалы елордадағы орта білім беру мекемелерінің 2009-2010 жылғы оқу бағдарламасына 9 сынып оқушыларына арналған алғашқы медициналық жәрдем дағдыларына үйрету бойынша ілкі жобаны енгізіп отыр,

Қызыл Жарты ай қоғамы елордалық мектеп оқушыларын алғашқы медициналық көмек дағдыларына үйретпек

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш Қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін жалпы білім беру мекемелерінде алғашқы медициналық жәрдем жеке курс ретінде оқытылмайды. Бұл мәселе 5-9 сыныптарда «Адам қауіпсіздігінің негіздері» пәнінде қозғалады. Жыл сайын бұл пәнге 15 академиялық сағат бөлінеді және сабақты сынып жетекшілері өткізеді. Осы ретте алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын алдымен мұғалімдерге, содан кейін жоғары сынып оқушыларына үйрету мәселесі туындады.

Қазіргі күнге дейін елордалық мектептердің 240 ұстазы алғашқы көмек көрсетудің 15 сағаттық бағдарламасы бойынша курстан өтті. Жүрек-өкпе реанимациясын оқыту сабақтарында көрнекілік негізде арнайы тренажер-манекендер қолданылды. Оларды сатып алуға Қызыл Жарты ай қоғамына «ЭксонМобил ҚазақстанИнк.» компаниясы демеушілік көмек көрсеткен.

 Педагогтар сондай-ақ, алғашқы жәрдем туралы қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылған әдістемеліктер алды. Осы мұғалімдердің көмегімен 7 мың 500 жоғары сынып оқушысы оқытылады деп күтілуде. Оларға сондай-ақ алғашқы жәрдем туралы қалтаға салып жүруге лайықты анықтамалықтар беріледі.