Қызылағаш ауылын қалпына келтіру жұмыстары Елбасының жеке бақылауында болды - Алматы облысы әкімінің орынбасары

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш ауылы мен оның тұрғындарының өмірін қалпына келтіру бойынша атқарылатын жұмыстар аяқталды.
None
None

Бұл туралы штабтың қорытынды отырысы барысында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов мәлім етті.

«Мектеп, мешіт, аудандық ішкі істер бөлімінің тірек пункті, «Қазпошта» АҚ бөлімі, ауыл әкімдігі мен Мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өтті. 120 орынға арналған жаңа балабақша ашылды, «Рахат» АҚ-мен бірлесе отырып ауылдық дәрігерлік амбулатория қатарға қосылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының көмегімен қоғамдық монша мен спортзал салынды», - деді әкім орынбасары.

А.Баталовтың сөзіне қарағанда, Ақтоған ауылында 56 үй жаңадан салынса, 21 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталды. Егінсу ауылында 21 үй салынып, 54 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 640 орындық мектептің, 90 бүлдіршінге арналған балабақшаның, кітапхана, ауыл әкімдігі ғимаратының жөндеу жұмыстары толықтай бітті. Медициналық пункттің құрылысы 2010 жылғы қазанның 27-де аяқталады деп көзделіп отыр.

Бүгінгі таңда зардап шеккен аймақ пен оның тұрғындарының өмірін қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстардың барлығы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке бақылауында болды, деп атап өтті А.Баталов.

Соңғы жаңалықтар