Қызылқұмды қар басты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Өзбекстандағы Қызылқұмға мол қар жауды. Бұл туралы бүгін, 11 ақпанда Өзбекстанның табиғат қорғау мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл күндері республиканың көптеген аймақтарында теимпература суықтықты көрсетіп тұр. Көптеген облыстар үшін жапалақтапе қар жаууы үйреншікті құбылыс болғанмен, елдің ең ыстық нүктенсі саналатын Қызылқұм шөлінде қардың мол түсуі табиғаттың тосын мінезі», - делінген ведомствоның хабарламасында, деп хабарлады Лента.ру.
Осы аптада Өзбекстанға нағыз қыс түсті және қар жауды. Таяудағы күндері елдің барлық аумағында түнде 5-8 градусқа дейін күн суытып, күндіз плюс 2-6 градусқа дейін көтеріледі
Қызылқұм Амудария мен Сырдарияның арасында Өзбекстан, Қазақстан және Түркіменстан аумағында орналасқан және 300 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр.