Қызылорда әуежайына «Boeing-737» ұшағы апатты жағдайда қонды
АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - Кеше, желтоқсанның 8-і күні Қызылорда қаласының әуежайына бортында 90 адамы бар «Boeing-737» жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, сейсенбі күні 18 сағат 59 минутта «Транс-Аэро» компаниясына тиесілі Атырау-Алматы бағытындағы «Boeing-737» (борттық нөмірі ЕИЦЬР-255) үлгісіндегі ұшақ «Қорқыт ата» әуежайына апатты жағдайда қонған.
Ұшақ бортында 90 адам болды, оның 81-і - жолаушылар, 9 адам - экипаж мүшелері.
«Абырой болғанда құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметінен.