Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында 10 шілдеде шаң көтеріліп, дауыл тұрады

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, ұйытқыған жел соғады.
None
None

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа күшеюі күтілуде, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.

Күндіз Атырау облысында кей жерлерде 15-20 м/с-қа жел соғады, жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде қатты ыстық болады.

Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы күтілуде. Қазақстанның жазық аумағының өзендерінде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Соңғы жаңалықтар