Қызылорда қалалық коммуналдық шаруашылық бөліміне жаңа басшы тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласы әкімінің №308 өкімімен Әбсұлтанов Қайрат Байғабылұлы қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 

Қызылорда қалалық коммуналдық шаруашылық бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.

Қайрат Байғабылұлы - жоғары білімді. Технолог және қаржыгер мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын Жалағаш аудандық статистика бөлімінің маманы ретінде бастап, бөлім бастығы, облыстық статистика басқармасы басшысының орынбасары, «Темір банк» акционерлік қоғамы Қазалы аудандық филиалының бастығы лауазымдарын атқарған.

2011 жылдан бүгінгі күнге дейін қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.