Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы болып Ибадулла Құттықожаев сайланды
И. Құттықожаев 1957 жылы 10 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1979 жылы Н. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «физика» пәнінің мұғалімі, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Философия ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1974 жылы ОРС НОД-12 мекемесінде жұмысшы болып бастады. 1993 жылға дейін Шиелі ауданындағы №181, Сырдария ауданындағы №144 орта мектептерде мұғалім, директордың орынбасары қызметін атқарды.
1993-1998 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімінің инспекторы, қала әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің маманы, консультанты, Қызылорда қалалық жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бастығы, қала әкімшілігі ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі болды.
Ал, 1998-2004 жылдары облыс әкімдігі ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, 2004-2016 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы қызметтерін атқарды.
2016-2019 жылдарда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2019 жылдан И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры болды.
2021 жылдан бері Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы сайланды.