Қызылорда қаласында тағы бір азамат суға кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін 09 сағат 16 минутта Қызылорда қаласының 1977 жылы туған тұрғыны Валерий Бакалов Сырдария өзеніне суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.
Қала тұрғыны осында келіп шомылмақ болғанда абайсызда судың ағынымен кетіп қалған. Оқиға болған жерге артынша облыстық ҚІІБ-нің жедел тобы құрамында 3 адам, 1 бірлік техникасы, облыстық судан құтқару қызметінен 3 қызметкер, 1 бірлік техникасы келді.
Мәйіт облыстық судан құтқару қызметі қызметкерлерінің күшімен судан шығарылды.