Қызылорда қаласында жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайыздық тармаққа төмендеді

ҚЫЗЫЛОРДА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында бүгінгі таңға жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайыздық тармаққа төмендеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы экономикалық тұрғыдан белсенді және жұмыспен қамтылған халық санының артып, еңбек нарығының кеңеюіне септігін тигізуде.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 221 млн. 100 мың теңгеге Қызылорда қаласында 407 тұрғын әлеуметтік жұмыс орнымен, 229 жас маман жастар тәжірибесімен қамтылды.

Азаматтардың өз ісін ұйымдастыруына мүмкіндік беретін екінші бағыт негізінде бөлінген қаржы биыл қалада 1,5 есеге артты. Жыл ішінде 70 қызылордалық өз кәсібін ашып, 200 тұрғын жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

«Бұған қоса, жыл басынан қалада 1096 жаңа жұмыс орны ашылып, 1198 тұрғын жұмысқа орналасты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайыздық тармаққа төмендеп, 4,7 пайызды құрады», - деді облыс әкімдігінде өткен Қызылорда қаласының даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген мәжілісте қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Соңғы жаңалықтар