Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда қаласындағы «Самал» мейманханасын от шалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы 4 жұлдызды «Самал» мейманханасы бүгін от құшағына көмілді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда қаласындағы «Самал» мейманханасын от шалды

Облыс орталығындағы «Самал» қонақүйінің өртеніп жатқаны жөніндегі хабар өрт сөндірушілер диспетчеріне 9 сағат 08 минутта жеткен. Өрттің жалпы аумағы 2420 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау 10 сағат 41 минутта тоқтатылып, 11 сағат 3 минутта жойылды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталу үстінде.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 10 адамы мен 3 техника бірлігі жұмыс жасады.