Қызылорда қаласының әкімі Нәлібаев «Парасат» орденімен марапатталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордадағы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталған қала әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлына «Парасат» орденін табыс етті.

Қызылорда қаласының әкімі Нәлібаев «Парасат» орденімен марапатталды

 Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Сонымен қатар, түрлі салаларда еңбек етіп жүрген 79 адам орден, медальдармен марапатталып, Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарына және 4 ардагер «Қызылорда облысының

Бұған дейін, Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев «Құрмет» орденімен (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  20 жыл» медалімен (2011) және «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен (2016) марапатталған болатын.