19:29, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қызылорда қаласының мерейтойына облыс аудандары тарту жасауда
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Биылғы жылы тойланатын Қызылорда қаласының 190 жылдық мерейтойына облыс аудандары өз тарту-таралғысын жасауда,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жалағаш және Сырдария аудандары алғашқылардың бірі болып облыс орталығында жаңадан екі аллеяны іске қосты. Жалағаштықтар қаладағы Бұқарбай батыр көшесінің бойынан көпшілік демалыс орнын пайдалануға берсе, сырдариялықтар Әйтеке би көшесінде осындай орынды елдің игілігіне айналдырды.
Алдағы уақытта облыстың қалған аудандары мен бірқатар іргелі компаниялардың күшімен бірнеше саябақ пен аллея ашылатын болады.