Қызылорда қаласының орталығында атыс болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласының орталық бөлігіндегі Әйтеке би көшесінде жергілікті жастар арасында атыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қызылорда қаласының орталығында атыс болды

Әлеуметтік желіде аталмыш оқиғаның видеосы пайда болды. Онда белгісіз жас жігіттің топтан қашып шыққаны аңғарылады. Ол сәлден кейін сөмкеден қару секілді зат алып шығады. Оның соңынан қуып келе жатқандар кері бұрылып қашады. Кейін қару дауысы естіледі. Сондай-ақ, видеода көшеде кетіп бара жатқан адамдардың жан-жаққа қаша жөнелгені байқалады.

Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, мәлімет таратты.

«Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесінің бойында болған бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Сезіктілер ұсталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.




Кызылорда. Что случилось?

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz) 27 Мар 2018 в 5:00 PDT


Әділет Қаңтарбаев