Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Адай Әкім Төреханұлы Қызылорда қаласының прокуроры болып тағайындалды.
Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады. «Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 07.11.2014 жылғы №179/6 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаментінің әділет кеңесшісі, Бас прокурордың аға көмекшісі Адай Әкім Төреханұлы Қызылорда қаласының прокуроры болып тағайындалды», делінген хабарламада.