Қызылорда, Қостанай, Ақмола облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қагидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда, Қостанай, Ақмола облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

17 қаңтарда Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, тұман, таңертең және күндіз күшті қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 23-28 м/с.

Ал Қостанай қаласында 17 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

17 қаңтарда Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде - көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласында 17 қаңтарда ара-тұра қар жауады, бұрқасын болады. Күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-25 м/с жетеді.