Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28 маусым күні сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тас жолының 120 шақырымында жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты.Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.