16:59, 21 Қаңтар 2020 | GMT +5
Қызылорда мен Маңғыстау облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда мен Маңғыстау облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
22 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады, көктайғақ болып, бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, оның күші түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.
22 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз кей жерлерде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Сол күні күндіз Ақтау қаласында батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.