Қызылорда облыстық Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.
None
None

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары мен оның сенімді өкілін ұстады. Олар топты адаммен алдын ала сөз байласып, алдау арқылы Алматы қаласы кәсіпкерінің 10 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын банк шоттарын бұғаттан босатамын деген желеумен алып кеткен», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, күдіктілер кәсіпкерден 10 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алған кезде ұсталды.


Соңғы жаңалықтар