Қызылорда облыстық прокуратурасында Ата Заңның 17 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық прокуратурасының «Қазақстан» залында Қазақстан Республикасы Конституциясына 17 жыл толуына  арналған салтанатты жиын болып өтті.

Қызылорда облыстық прокуратурасында Ата Заңның 17 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

Жиынға облыс әкімінің  орынбасары А. Алпамысов, «Нұр Отан» ХДП-ның Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Болатбеков, облыстық құқық қорғау органдары басшылары, прокуратураның құрметті ардагерлері қатысты.

Ата Заңның 17 жылдығына арналған салтанатты жиында облыс прокуроры құттықтау сөз сөйлеп, осы мерекеге орай облыстық прокуратураның  төртінші қабатында жаңадан ашылған «Қазақстан» залымен таныстыру рәсімін жүргізді.

Салтанатты жиын барысында баяндама жасалып, бірқатар прокуратура қызметкерлері түрлі марапат иелері атанды.

Мемлекет басшысының 14.08.2012 жылғы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен Қызылорда облысы прокуратура органдарының ардагерлер кеңесі»  қоғамдық білестігінің төрағасы М.Абдул наградталды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Сыныптық шендер беру туралы» бұйрығына сәйкес, кезекті «кіші әділет кеңесшісі» сыныптық шені облыстық прокуратураның жедел-іздестіру заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры Р.Ибраевға және облыс прокурорының тергеу және тергеу тобына басшылық жасау жөніндегі көмекшісі Ғ.Мұратбаевқа теңестіру тәртібімен берілген «кіші әділет кеңесшісі» сыныптық шендері салтанатты түрде табыс етілді.

Сондай-ақ, облыс прокурорының бұйрығымен  заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы мінсіз қызметтері және прокурорлық қадағалау саласында нәтижелі жұмыстар атқарғандары үшін облыс прокурорының аға көмекшісі Ғ.Есентаевқа, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Е.Бурхановқа және Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі Е.Әмірбековке «Алғыс» жарияланды.

Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарына жаңадан қызметке қабылданған жас мамандардың «Ант беру» рәсімі жүргізілді.

Мұнан кейін облыстық прокуратура органдарында бірнеше жылдар бойы адал қызмет атқарған А.Махамбаев, И.Махшатов және А.Айбосыновтарды құрметті зейнеткерлігіне шығарып салу рәсімі  зор салтанатпен өтіп, демалыс иелеріне арнайы сый-сияпат көрсетілді. 

Жиын соңында аталған мерекеге байланысты облыстық прокуратура органдары қызметкерлері арасында жарияланған «Ең үздік мақала жариялаушы»байқауының қорытындысы оқылды. Облыс прокурорының «Марапаттау туралы» бұйрығымен А.Ерәділова, Н.Тұрғанбай, Б.Елшібеков, С. Жарекеев, Ә.Құланбаевжеңімпаз деп танылып, оларға алғыс жарияланды.