Қызылорда облыстық сотында Астана күні тойланды
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық сотында Астана күніне арналған мерекелік жиын өткізілді. Жиынды ашқан облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев Астана күні мерекесінің тарихына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған Астана бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті. Биыл бас қаламызда өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесі де сөзімізге дәлел», - деді Қамбар Нұрышев.
Астана күнін мерекелеу қарсаңында бірқатар облыстық соттың судьяларына EXPO-2017 халықаралық көрмесінің билеттері табысталды.
Сонымен бірге, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Азамат Жұмамұратов сот саласында 16 жыл абыройлы қызмет атқарып, бүгінгі күні басқа қызметке ауысқан Димаш Байдушевті Құрмет грамотасымен марапаттады.
Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.