Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасында ашық есік күні өткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -  Қызылорда облыстық  жер қатынастары басқармасында үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік тұрғыда байланыс орнату мақсатында ашық есік күні өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма бас­ты­ғының орынбасары Марат Әбілқасымов мекеменің ат­қарған қызметтері мен алда тұрған міндеттері жайлы кеңінен айтып берді. Басқарма тарапынан үстіміздегі жылдың өзінде қыруар іс жүзеге асырылды. Соның ішінде тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін сұраған 46095 өтініш тіркелсе, соның 15909-ына жер берілген. Ал қалған 30186 өтініш жергілікті атқарушы органдардың есебінде тұр. Дегенмен, әлі де қолға алынар тірлік жетерлік. Соның бастысы, жерді түгендеу мен бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшу арқылы деректер қорын қалыптастыруды қазіргі уақыттың өзі талап етуде. Сондықтан да алдағы ме­зетте Қызылорда қаласы мен аудандар орталықтары бо­йынша жер телімдерін түгендеуді жүйелендіре түсу қажет.

Соңғы жаңалықтар