Қызылорда облысы аумағынан 76 есірткі алқабы анықталды
Аталған бөлімшенің басты мақсаты - құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді анықтау, осындай деректерге қатысты келіп түскен хабарламаларға дереу түрде ден қойып, барлық құзырлы қызмет салаларымен осы бағыттағы жұмысты үйлестіру болып табылады.
Құрылым өз жұмысын бастағалы бері облыс аумағында 76 есірткі қылмысы ашылып, 58 есірткі алқабы анықталды. Оның 8-і Қызылорда қаласы болса, 31-і Сырдария, 12-сі Шиелі және 3-і Жалағаш ауданының аумақтарынан табылды. Есірткі алқаптарының басынан 53442 түп сора өсімдігі өртелді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.
Есірткі құралын аса ірі мөлшерде сақтаудың 18 дерегі тіркелді. Одан бөлек, заңсыз айналымнан 600 кг-дан астам «марихуана» есірткісі тәркіленді.
Барлық анықталған қылмыстық әрекеттер бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.