Қызылорда облысы бойынша «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының мердігерлеріне қатаң ескертулер айтылды
АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 19 мамырда ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде министр Берік Камалиевтің қатысумен Қызылорда облысындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру бойынша жиналыс өтті.
Отырысқа Көлік және коммуникация министрлігі мен мердігерлік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ, жобаны басқару және құрылысты қадағалау бойынша консультанттар қатысты.
Отырыс барысында, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов аталған жобаны іске асыру бойынша басты өзекті мәселелер туралы және құрылыс жұмыстарының барысы жөнінде өз баяндамасында атап өтті.
Қызылорда облысы бойынша қайта салынатын дәліздің жалпы ұзындығы - 812 шақырым. Трассаның барлық қашықтығы бойынша 5 мердігерлік компания жұмыс істеуде («Салини» АҚ - 410 шқ, «Аккорд/Окан» БК - 107 шқ, «Импреза» АҚ - 50шқ, «Азеркорпу» АҚ - 28 шқ, «Тодини» АҚ - 217 шқ).
Облыс бойынша қайта салу жұмыстары 2010 жылы басталды. Өткен мерзім ішінде мердігерлік компаниялар 46 млрд. теңгені игерді. Асфальт-бетон жабынның төменгі қабатын салу арқылы қашықтығы 197 шақырым жаңа жолды салу бойынша жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы облыс бойынша 79,9 млрд.теңгені игеру және 730 шқ жаңа жолды салу жоспарлануда (275 шқ - І техникалық санатта, 455 шқ - ІІ техникалық санатта).
Сонымен қатар, автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері және «Салини» АҚ, «Аккорд/Окан» БК, «Импреза» АҚ, «Азеркорпу» АҚ, «Тодини» АҚ филиалдарының директорлары осы мәселе бойынша есеп берді.
Отырыс барысында көлік ведомствосының басшысы жұмыс өндірудің кестесінен жүйелі қалып отыратын және әкімшілік ескертулерден нақты шешімдер қабылдамайтын мердігерлерге қатысты ескертулер айтты. Жобаның консультанттарына қатысты талаптарды күшейту қажеттілігіне назар аударды. Осыған орай, министр автомобиль жолдары комитетіне жұмыстарды уақытылы және белгіленген жұмыстар көлемін сапалы орындау үшін барынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Министр Б. Камалиев автомобиль жолдары комитетінің Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстық департаменттері басшыларына мердігерлік ұйымдардың жол төсенішіне жер қойнауын пайдалану құқығын қолма-қол рәсімдеу бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Жобаны басқару және құрылысты қадағалау консультанттарына ағымдағы жылы 26 мамырға дейін мерзімде «Импреза» компаниясымен келісімшартты бұзу бойынша қажетті құжаттарды дайындау, жол-құрылыс материалдарын дайындау мен техниканы жұмылдыру кестесін бұзған мердігерлік компанияларға ескертулер беру тапсырылды.