Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімімен Медет Усаин Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Медет Усаинұлы 1987 жылы туған. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Көлік техникасы және технологиясы», сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы ретінде бастаған. 2011-2012 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының инспекторы.

2012-2013 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы.

2013-2015 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика және газ инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы.

2015 жылдың мамыр айынан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болған. 

Соңғы жаңалықтар