10:11, 19 Қараша 2012 | GMT +5
Қызылорда облысы Жусалы стансысында цистернадан фосфор қышқылы төгілді
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Жусалы стансысында,
кеше сағат 22.33-те №2901 жүк пойызын тексеру кезінде цистернадан фосфор қышқылының төгілгендігі анықталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
Жүкті жөнелтуші: ОҚО Қазығұрт стансысы; жүкті қабылдап алушы: Маңғыстау облысының Ақтау порты. Цистерна тізбектен ажыратылып, Жусалы стансысының №27 апатты тұйығына қойылды. Қоршаған орта мен халыққа қауіп жоқ.