Қызылорда облысына ертең тұман түседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер ертең, желтоқсанның 9-ы күні Қызылорда облысында тұман түсіп, жел күшейетінін болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Қызылорда облысына ертең тұман түседі

«9 желтоқсан күні Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі. Түнде және таң ата солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді»,-делінген хабарламада.